Коста-Рикада 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

660

Қылмыскерлер АҚШ билігі жіберген дерегі негізінде қолға түскен.

Коста-Рикада 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Коста-Риканың жағалау күзеті екі тоннаға жуық кокаин артылған кемені ұстады, деп хабарлайды 24.kz.

Қылмыскерлер АҚШ билігі жіберген дерегі негізінде қолға түскен.

Күдікті кеме Тынық мұхитта, ел жағасынан 150 шақырым қашықтықта ұсталды. Шекарашылар кемеде болған Колумбияның үш азаматын қамауға алды.

Коста-Риканың өзінде кокаин өндірілмесе де, елде заңсыз есірткі тасымалы өршіп тұр.

"Соңғы он күнде 6 тонна 700 келі кокаин тәркіледік. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жалпы биыл 17 тонна 800 келі есірткі заты қолымызға түсті. Қылмыскерлер біздің жерімізді ластап, өз мүдделеріне пайданалып жүр. Бар күшімізді салып, оған қарсы күресуіміз қажет", - дейді Коста-Рика қауіпсіздік министрі Майкл Сото.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу