Қостанай әкімдігі тұрғындарды эвакуацияға дайын болуға шақырды

236

Тобыл өзенінің деңгейі күн сайын көтерілуде. 

Қостанай әкімдігі тұрғындарды эвакуацияға дайын болуға шақырды Фото: Яндекс карта

Қостанайдағы су тасқынына қарсы жедел штаб тұрғындарға төтенше жағдайға дайын болу керегін айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Костанайские новости” басылымына сілтеме жасап.

Ведомство өзендегі су деңгейі күрт көтерілген жағдайда Колесный ряд ауданын (Пионерская, Красный Кузнец, Тобольская, Юный Боец, Дачная көшелері) су басып қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар өзен жағасында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды су басу қаупі бар. Атап айтқанда, "Апельсин" сауда орталығы, "Ақ шаңырақ" мейрамханасы, "Гранат" мейрамханасы және "Мохито" демалыс орталығы.

“Осыған байланысты, саяжай мен кәсіпорындар тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек. Қарт адамдарға, өздігімен қозғала алмайтын адамдар мен балаларды басты назарда ұстаңыздар. Жеке құжаттарды, ақшаны және басқа да құнды заттарды алдын ала жинап, дайыдап қоюға кеңес береміз”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік қостанайлықтарды үрейге бой алдырмай, төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуге шақырады. 

Ведомство өкілдері қажет болған жағдайда тұрғындарға 112 немесе 109 телефон нөмірлеріне хабарласу керегін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу