Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер "Қостанай әкімі рұқсат етілмеген жағажайларға мониторинг жүргізу жұмыстарына мұғалімдерді тартуды ұсынды. Бұл қаншалықты заңды?" – деп сұрады.
"Біз педагогтерді олардың қызметіне кірмейтін жұмыстарға тартуға қарсымыз. Өзіміздің ұстанымымызды айттық. Қазіргі таңда жазғы каникул мерізімінің басталуымен еңбек инспекциясы тарапынан жұмыстар басталды. Олар мектеп директорларымен, білім басқармаларымен мұғалімдерді олардың қызметіне жатпайтын жұмыстарға тартпау туралы түсіндірме жүргізеді. Бұрынғы уақытта мұғалімдер мектептерді әрлеуге, шаруашылық жұмыстарына тартылды. Мұны құптамаймыз.
Ондай фактілер анықталған жағдайда жұмыс берушілер, яғни білім басқармаларының басшылары, мектеп директорларын жауапкершілікке тарту бойынша еңбек инспекциясына нақты тапсырма берілді. Қостанайдағы жағдайға келсек, бұл факт - біздің бақылауымызда тұр. Облыстық еңбек инспекцисына тиісті тапсырма берілді", – деді Ерболат Әбілхатин.