Қостанай әкімі өңір атынан елордаға қандай сый жасалатынын айтты

789

Қостанай әкімі өңір атынан елордаға қандай сый жасалатынын айтты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір атынан елордаға қандай сый жасалғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз бірнеше облыспен бірігіп, велосипед жолын салып жатырмыз. Оған бюджеттің де, демеушілердің қаражаты жұмсалады. Мәселен, жолдың өзі бюджет ақшасына салынса, шағын сәулеттік мүсіндерге демеушілік қаржы тартылады. Яғни әртүрлі көздерден. Біздің міндетіміз – веложолды сапалы әрі уақытында салып бітіру", — деді Мұхамбетов ОКҚ-де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, биыл Қазақстан елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Жыл бойы Астанада түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып, шетелден қонақтар келеді. Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау үшін республикалық бюджеттен 19 миллиард теңге бөлінбек. Бұған қоса, еліміздің әр облысы елордаға сый жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу