Қостанай автокөлік зауыты үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр

1569

Chevrolet Damas пен Chevrolet Labo автокөліктері 3 млн теңгеге сатылады.  

Қостанай автокөлік зауыты үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр

Былтыр ел аумағында 359,5 млрд теңгеге 50 447 көлік құралы құрастырылып,  нақты көлем индексі 162,5% жетті. Жаңа техниканың басым бөлігі "СарыарқаАвтоПром" кәсіпорнының конвейерінен шықты. 

Биыл ел аумағында 100 мың автокөлік өндіру жоспарланған. Қостанай автокөлік зауыты бұл іске білек сыбана кірісіп, үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр.

Зауытта Chevrolet автокөлігінің Damas, Labo, Trailblazer, Malibu, Spark сияқты модельдері құрастырылуда. Сонымен қатар Chevrolet Damas автобусы мен Chevrolet Labo жүк көлігі жасалуда.  

Айта кетейік, Chevrolet Damas автобусын немесе Chevrolet Labo жүк көлігін зауыттан 3 млн теңгеге сатып алуға болады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу