Қостанай билігі жасыл жобаны іске асыру үшін қытайлық инвесторларды тартып жатыр

646

15 млрд теңгелік жобаны өңір билігі қытайлық компаниямен бірлесіп іске асырмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай билігі жасыл жобаны іске асыру үшін қытайлық инвесторларды тартып жатыр

Таратылған ақпаратқа сәйкес, аймақта жел электр стансаларын тұрғызу бойныша құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кеткен. Жобаны жүзеге асыру құны 15 млрд теңгеге бағаланған. Жасыл нысанның қуаттылығы 50 МВт.

"Жоба Қытайдан келген серіктестермен бірге жүзеге асырылуда. Ол 2021 жылдың соңына дейін ңске қосылады", делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жасыл жобаларды Қостанайдан бөлек Шығыс Қазақстан облысында да іске қосу жоспарланған. Нысандарды осы жылдың соңына дейін қазақстандық инвесторлар пайдалануға береді. Олардың жалпы қуаттылығы 29,7 МВт. Алты жобаның бәрі де Жарма ауданында іске асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі 7,4 млрд теңгеге бағаланған.

Жалпы Қазақстанда биыл құны 370 млн долларға 23 жасыл электр стансасын ашу көзделген. Ал Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, 2020 жылы жалпы қуаттылығы 583 МВт болатын 25 жоба іске асырылмақ. Оларға жалпы сомасы 510 млн доллар инвестиция салынған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу