"Қостанай – Денисовка" республикалық жол учаскесі ақылы болады

120

Бұйрық 2025 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. 

"Қостанай – Денисовка" республикалық жол учаскесі ақылы болады Фото: inbusiness.kz

Көлік министрінің м. а. "Қостанай - Денисовка Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" 11 сәуірдегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай – Денисовка учаскесі километр (бұдан әрі – км) 545+000 км – 385+000 км (А-22) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар I-б және II санатты Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.

Жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Қостанай – Талапкер – Айсары – Костомар – Жосалы – Новонежинка – Озерное – Аманқарағай – Әулиекөл – Новоселовка – Диевка – Қосағал – Раздольное – Аралкөл – Уркаш – Алтынсарин – Адаевка – Бестобе – Ливановка – Денисовка" автомобиль жолы;

Автомобиль жолындағы жолақтардың саны – екі бағытта 2 және 1 жолақ, ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 151 км.

Сонымен, төлем келесі ақылы учаске үшін төленеді:

  • Жеңіл автомобильдер – 0,0331 АЕК (130 теңге, кейінгі төлем), 0,0280 АЕК (110 теңге, алдын ала төлем);
  • 16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бус тар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі – тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі – 0,2645 (1040 теңге, кейінгі төлем), 0,2238 АЕК (879 теңге, алдын ала төлем);
  • 32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бус тар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі –0,5341 (2100 теңге, кейінгі төлем), 0,4527 АЕК (1780 теңге, алдын ала төлем);
  • 32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар – 0,8011 ЕК (3150 теңге, кейінгі төлем), 0,6816 АЕК (2680 теңге, алдын ала төлем);
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі –  1,0682 (4200 теңге, кейінгі төлем), 0,9079 АЕК (3570 теңге, алдын ала төлем);
  • Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қыш тар – 1,3327 (5240 теңге, кейінгі төлем), 1,1317 АЕК (4450 теңге, алдын ала төлем).

Сонымен қатар, ай мен жылға абоненттік төлем белгіленеді.

Жеңіл автомобильдер үшін 30 күнге абонемент құны көзделмеген, бір жылға 1 АЕК (2025 жылы 3932 теңге) құрайды.

Басқа көлік үшін бір айға – санатына қарай 2-ден 10 АЕК-ке дейін, бір жылға-20-дан 100 АЕК-ке дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу