Қостанай диқандарына құрғақшылық туралы ескертілді

994

Қостанай диқандарына құрғақшылық туралы ескертілді

Еліміздегі бидайлы өңірлердің бірі Қостанай облысында биыл топырақ ылғалының айтарлықтай тапшылығы сезіледі. Бұл туралы өңірдегі шаруаларға ескертілді, деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.

"Күз-қыс мезгілінде түскен жауын-шашынның жеткіліксіз мөлшеріне, қар қалыңдығының аз болуына сәйкес осы жылдың көктемінде топырақ ылғалының күтілетін қоры 67-75% -дан артпайды деген болжам жасалады. Қар жамылғысының ерте кету ықтималдығы жоғары, сондықтан бар ылғалды барынша сақтауға тырысу қажет", - деді аймақ әкімі көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері жөнінде өткізілген кеңейтілген мәжіліс барысында.

Жыл басынан бері ақпан айына дейін 86,4 мм ылғал түскен, бұл орташа көп жылдық нормадан 27,5 мм-ге немесе 24,1%-ға аз. Бұл ретте ауаның орташа температурасы осы кезеңге -5,30С құрады, ал орташа көп жылдық норма -6,10С құрайды.

"Топырақтағы ылғал қоры негізгі агрофондарда қыстың алдында орташа көп жылдық нормадан айтарлықтай жоғары болды. Дегенмен, қыста қардың аз жаууына және қар тығыздығының төмен болуына байланысты осы күні ылғал орташа айлық нормалардан айтарлықтай аз болды", - деген түсінік берді тәжірибе станциясының директоры А.Нұғыманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу