Қостанай қаласында 1360 литр заңсыз алкоголь өнімі анықталды

242

Заңсыз алкоголь өнімі Қостанай қаласының аумағында сатылды. 

Қостанай қаласында 1360 литр заңсыз алкоголь өнімі анықталды Фото: qazaqstan.tv

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру іс-шаралары барысында бөлшек саудада сатуға арналған көлемі 200 литр 7 бөшке және көлемі 5 литр 18 ПЭТ бөтелке мөлшерінде акцизделетін өнім айналымын анықтап, жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

 Ведомстводан заңсыз акцизделетін өнімнің жалпы құны 2.7 млн. теңгеден асатынын  хабарлады.

Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды, әкімшілік  іс жүргізу  туралы хаттама сотқа жіберілді.

Қазақстан Республикасында енгізілген сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалау тауарлардың қозғалысын бақылауды автоматтандыруға, сол арқылы олардың сапасы мен қауіпсіздігін растауға, сондай-ақ сатушылар арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу