Қостанай қаласында 630 пәтерлі 13 көпқабатты үй пайдалануға берілді

996

Қостанай қаласында 630 пәтерлі 13 көпқабатты үй пайдалануға берілді

Биыл Қостанай қаласында  "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 630 пәтерлі 13 көп қабатты үй пайдалануға берілді.  Жаңа салынған үйлер Аэропорт шағын ауданында орналасқан. Үйлер 90 пайыз отандық материалдан салынған, деп хабарлайды "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның баспасөз қызметі. 

Былтыр "Бәйтерек девелопмент" АҚ несиелік тұрғын үй құрылысына Қостанай облысы әкімдігінен 2,3 млрд теңге облигация сатып алды. Биыл компания 5,3 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алды. Түскен қаржыға тұрғын үй бағдарламасы бойынша көп қабатты, көп пәтерлі үйлер салынбақ.     

"Бәйтерек девелопмент" АҚ  "Бәйтерек"ҰБХ" АҚ –ның еншілес ұйымы , "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының несиелік және жалдамалы  тұрғын үй  қаржылық бағыты бойынша операторларының бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу