"Best Kostanay" ЖШС Қостанай қаласында ауылшаруашылық кешенін іске қосты, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.
Кешен құрамына жылына 155 мың тонна ұн шығаруға қауқары бар диірмен, 15 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін қойма, тәулігіне 700 тонна өнімділігі бар астықты қайта өңдеу желісі кіреді.
Жобаның құны 2,7 млрд теңгені құрайды.
"Best Kostanay" ЖШС ұн тарту кешені - жоғары сапалы ұн өндіретін комбинат. Өнімдері Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түрікменстанға, Ауғанстанға, Иранға және Ресей Федерациясына экспортталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу