Қостанай қаласында ірі сауда орталығы ашылды

1032

Қостанай қаласында ірі сауда орталығы ашылды

Қостанай қаласында "Kostanay Plaza" ойын-сауық, сауда орталығы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Қостанай таңы газеті.

Ғимараттың көлемі 30 мың шаршы метрге жуық. Қаладағы ең ірі орталықтың пайдалануға берілу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов шаһар басшысы Базыл Жақыпов және жобаның негізін қалаушы, "БК-строй" құрылыс компаниясының директоры Игорь Ким қатысты.

Жаңа ғимараттың құрылысына 4 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Қаржыны "БК" строй құрылыс компаниясы бөліп, нысанды салып шықты.

Игі істің арқасында 500-ге жуық жұмыс орны ашылып отыр. Мұнда қолжетімді бағадағы "Астықжан" гипермаркеті, балалардың ойын-сауық алаңы, қаладағы ең үлкен кинотеатр, тұрмыстық техника супермаркеті бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу