Қостанай қаласында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

108

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.  

Қостанай қаласында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

Төлемдер Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда өңірде жасы 100-ге келген үш ардагер тұрады. Олардың қатарында 1925 жылы туған Қасымхан Алдабергенов пен Михаил Подоляков және 1926 жылы туған Ділдәбек Нұрышев бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 76 059 ардагер тұрады. Жыл басынан бері оларға жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге мемлекеттік жәрдемақы төленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу