Қостанай қаласында ТОBYL ARENA жабық футбол манежі ашылды

1622

Алаң 3 мың жанкүйерге шақталған.

Қостанай қаласында ТОBYL ARENA жабық футбол манежі ашылды

Қостанай қаласында ТОBYL ARENA футбол манежінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Бегалин айтқандай, аталған жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жабық футбол манежі UEFA барлық стандарттарына сәйкес келеді және жаттығулар мен жарыс өткізуге арналған.

"Елімізде баламасы жоқ алаң 3000 жанкүйерге шақталған. Құрылыс көлемі 16 195,0 шаршы метрді құрады. Жобаның жалпы құны - 4,2 млрд теңге. Жаңа футбол инфрақұрылымы футбол орталықтары және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшыларына жыл бойы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге мүмкіндік береді", – дейді Азамат Бегалин.

Қостанай облысында 971 футбол үйірмесі жұмыс істесе, 373 футбол маманы дәріс өткізеді. Футбол бөлімшелері 20 спорт мектебінде ашылған, барлығы 2919 жас ойыншы футбол ойнау шеберлігін шыңдауда.

Айта кетейік, кеше футболдан ел біріншілігі басталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу