Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлайды Atameken Business.
Облыстық сот оның апелляциялық шағымын қабыл алған. Осылайша Ахметбек Ахметжановқа пробациялық бақылау тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қостанайдың бұрынғы әкімі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. 2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу