Қостанай қаласының тұрғыны ірі көлемде есірткімен ұсталды

122

Полиция азаматтарды қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген деректер туралы хабарлауға шақырады.

Қостанай қаласының тұрғыны ірі көлемде есірткімен ұсталды Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті анықталып, оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар табылды. Кейіннен автокөлігін және тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде заңсыз әрекетке қатысты қосымша айғақтар, оның ішінде есірткі заттары мен оларды бөлшектеуге және одан әрі таратуға арналған құралдар тәркіленді.

"Заңсыз айналымнан барлығы шамамен 300 грамм синтетикалық есірткі алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттар өңір аумағында өткізу үшін арналған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізу арнасын, сондай-ақ ықтимал сыбайластар мен құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде", – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу