Қостанай кәсіпкерлеріне 50 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін

486

Оған кәсіпкерлердің монополияға қарсы заңнаманы бұзуы себеп.  

Қостанай кәсіпкерлеріне 50 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін Фото: rsk.kz

Барлық іс толық зерттелмегендіктен, шенеуніктер алдын ала сандарды мысалға келтірді.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өткен жылы бұзушылық белгілері бойынша 8 тергеуді аяқтап, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 5 әкімшілік іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz.

"Әкімшілік істердің бір бөлігі әртүрлі сот сатыларында шағымдану сатысында тұр. Атап айтқанда, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 169-бабы бойынша мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласу белгілері бойынша "Техсистема" ЖШС және "Аском" Агрожабдықтау компаниясы" ЖШС қатысты тергеу қорытындылары да бар. Бұл ретте "Аском" Агрожабдықтау компаниясы" ЖШС сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 326 мың теңгеден астам монополиялық кірісі тәркіленіп, 502 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік жаза қолданылды", - деді департамент басшысы Дастан Самен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, Жоғарғы сотта 3 компанияға қатысты іс қаралып жатыр. Олардың ішінде ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174-бабы бұзушылық белгілері бойынша "Тазалық 2012" ЖШС-ге, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 170-бабы бұзушылық белгілері бойынша "Опт Торг Company Plus" ЖШС-ге қатысты  қатысты тергеу қорытындылары бар. Сондай-ақ, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 186-бабы бұзушылық белгілері бойынша "ҚТЖ Жүк тасымалы" ЖШС филиалы" Қостанай бөлімшесі" тексеру қорытындысына шағымданады.

"Бүгінде департамент сүт өнімдері, тауық жұмыртқасы, автокөлік өндірушілерге, темір жол операторына қатысты 4 тергеу жүргізілуде. Мысалы, "Жас Қанат 2006" ЖШС-ге қатысты ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174-бабы бойынша тауық жұмыртқасына монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша өндіруші департаменттің тергеу тағайындау туралы бұйрығына Жоғарғы сотқа шағымданбақшы. Біз шешімнің заңды күшіне енуін күтеміз", - деді департамент басшысы. 

Былтырғы қаңтар-наурыз айларында департамент мамандары сүт, айран, сары май бағасын белгілеу кезінде келісілген іс-қимыл белгілері бойынша "ДЕП" ЖШС және "Милх" ЖШС-де бағаның күрт өсуін анықтады.

Спикердің сөзінше, жұмыс нәтижелері сәуір айында айтылады. Мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласу белгілері бойынша "СарыарқаАвтоПром" ЖШС және "TEHNOPARK KZ" ЖШС-ге қатысты іс тергеліп жатыр.

Дастан Саменнің айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүргізу кезінде компаниялар алдын ала шарт бойынша ең жоғары баға белгілеп, сәйкесінше конкурсқа шыққан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу