Қостанай көрші екі облыстың техникаларын кәдеге жаратпақ

708

Аграрлық өңір саналатын Ақмола мен Солтүстік Қазақстанның ескірген аграрлық техникалары Қостанай облысына утилизацияға жөнелтіледі. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов ОртКом қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қостанай көрші екі облыстың техникаларын кәдеге жаратпақ

"Ауылшараушылығы техникасын кәдеге жарату (утилизациялау – ред.) және қайта өңдеуге бағытталған компанияның құрылысын аяқтауға жақындадық. Жобаның құны – 6 млрд 100 млн теңге. Бір аптадан кейін іске қосамыз", – деп мәлімдеді әкім.

Оның айтуынша, жылына 5 500 ауылшаруашылығы техникасы кәдеге жаратылады. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ескірген техникалары қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу