Қостанай "ҚТЖ-Жүк тасымалы" кәсіпкерлерден заңсыз ақша алған

366

Көлік прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Қостанай "ҚТЖ-Жүк тасымалы" кәсіпкерлерден заңсыз ақша алған Фото: inbusiness.kz

Қостанай көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалы -ЖТ Қостанай бөлімшесінің құқықтық актісіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл акт прокуратураның араласуына дейін жүк тасымалдаушы тарапынан "Қостанай" станциясының ішінде вагондарды жылжыту үшін кәсіпкерлерден қаражат алуға мүмкіндік берген.

"Станция шекарасы шегінде вагондарды әрбір беру-жинау үшін алымдар көзделген, бұл өз кезегінде түпкі тұтынушы (қарапайым азаматтар) үшін олардың өнімдерінің қымбаттауына алып келген. Нәтижесінде кәсіпкерлерден 7 млн теңгеден астам алымдар негізсіз өндірілген", - деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Жоғарыда көрсетілген ұсынуды қарау нәтижесі бойынша қосымша алымдарды өндіріп алудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

"Бүгінде кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұлттық тасымалдаушының осыған ұқсас құқықтық актілерін зерделеу жөніндегі жұмыс басқа өңірлерде де жалғасын табады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу