Қостанай май зауыты жұмысын тоқтатты

1099

Қостанай май зауыты жұмысын тоқтатты

Қостанайдағы күнбағыс майын өндіретін зауыт жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 2011 жылы зауытқа "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" құрал-жабдық сатып алуға 81 миллион теңгеге   кәсіпорынға қаржы берген.

"Қостанай май зауыты" ЖШС мен "Тобыл" ӘКК арасындағы келісім бойынша, егер несие өтелмесе, жабдықтар Тобылдың меншігіне берілетін болған.

Қазіргі кезде "Тобыл" ӘӘК май зауытын банкрот деп жариялауға бастама көтерді. Алайда кәсіпорынды ерікті түрде таратуға оның несиелік қарызы кедергі келтіріп отыр. Ал бұл қарызды активтерді өткізу есебінен жабу, активтердің жоқтығына байланысты мүмкін емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу