Қостанай мейрамханаларының бірінде өрт шықты

502

6 желтоқсан күні Қостанай қаласындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz “Наш Костанай” порталына сілтеме жасап.

Қостанай мейрамханаларының бірінде өрт шықты Фото: top-news.kz

Қалада А.Чехов көшесінде орналасқан мейрамханадағы өрт туралы хабарлама 6 желтоқсан күні сағат 16:40-та келіп түсті.

Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын бірінші қабаттың дәлізіне тарады.

Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеді.

“Өрт 17:18-де оқшауланды, 17:33-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 24 адамы және бес бірлік техника жұмылдырылды”, - деп атап өтті облыстық ТЖД.

Департамент ақпаратына сәйкес, мейрамхананың бір қызметкері өрт сөндірушілер келгенге дейін ауруханаға жеткізілген. Сол себепті де ол ресми түрде зардап шеккен деп есептелмейтін көрінеді. 1995 жылы туған жігітте уланудың жеңіл дәрежесі анықталды. Ол ауруханаға жатудан бас тартып, үйіне жіберілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу