Қостанай мектептерінде ыстық тамақ бағасы қымбаттайды

548

Асханалардағы жаңа баға 9 қаңтардан бастап енгізіледі. 

Қостанай мектептерінде ыстық тамақ бағасы қымбаттайды Фото: top-news.kz

2023 жылдан бастап Қостанай мектептерінде ыстық тамақ бағасы 18%-ға қымбаттайды, деп жазады inbusiness.kz "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап.

Осылайша түскі ас бағасы 450 теңге болмақ. Осыған дейін ол 380 теңге тұрған.

"Бұл азық-түлік бағасының өсуімен байланысты. Бұдан бөлек коммуналдық қызмет тарифтері 2023 жылдан бастап көтеріледі", - деп түсіндірді Қостанай қаласы білім бөлімінің өкілі Татьяна Степанова.

Ведомствоның хабарлауынша, оқушылардың түскі ас құнын көтермес бұрын бағаға мониторинг жүргізілген. Азық-түлік бағасының 2020 жылдан 2022 жылға дейін 70%-ға өскені белгілі болды.

Ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Мұндай жаңашылдық еліміздің жеті өңірінде қолданылады. Ал, қалған аймақтарда, соның ішінде Қостанай облысында бұл тәжірибені 2026 жылға дейін енгізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу