Қостанай мен Ақтөбе облыстық сотының төрағалары ауысты

882

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов Қостанай облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Анатолий Сергеевич Смолинді қашықтықтан таныстырды.    

Қостанай мен Ақтөбе облыстық сотының төрағалары ауысты

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, сот алқаларының төрағалары мен судьялар, сондай-ақ соттар Әкімшісінің басшылығы қатысты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс-шараны ашқан Ж.Асанов Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Асламбек Мерғалиевке табыс тілеп, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

"Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен А.Мерғалиев Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

"А.Смолин сот жүйесінде 31 жыл жұмыс істеген, ол екі аудандық соттың төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болған, ҚР Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасын басқарған, сондай–ақ ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Оның сот жүйесіне сіңірген барлық еңбегін, тәжірибесі мен білімін ескере отырып, Мемлекет басшысы А.Смолинді осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдады", - деп жаңа қызметіне табыс тілеп, түйіндеді Ж.Асанов.

"Жақып Қажманұлы, біз ұжыммен бірге Сіздің сеніміңізді еңбекке деген сапалы және адал қарым-қатынасыңызбен ақтауға тырысамыз және Сіз бастамашы болып табылатын реформаларды жүзеге асыруға ықпал ететін боламыз", - деп атап өтті сот төрағасы А.Смолин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу