Қостанай мен Рудныйда заңсыз берілген 6 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

547

Жалпы облыс аумағында ондаған жер учаскесінің заңсыз берілгені анықталды.   

Қостанай мен Рудныйда заңсыз берілген 6 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды Фото: egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, қазіргі уақытта Қостанай қаласында 18 учаске бойынша тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында Қостанай және Рудный қалаларында ондаған жер учаскесін заңсыз бергені анықталды. Бұл мәселені шешуге бақылаушы органдар тартылды. Нәтижесінде Рудный қаласында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына заңсыз берілген 6 учаске қайтарылды. Қазіргі таңда Қостанай қаласында 18 учаске бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр", - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу кезінде нарықтағы тауар құнынан жоғары баға белгілеген органдарға ескерту жасалды. Нәтижесінде тапсырыстар мен қызметтер бағасы қайта қаралып, 201 млн теңге бюджет қаражаты үнемделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу