Қостанай мен Торғай арасында көлік қатынасы бір тәулікке тоқтап қалды

1103

Әулиекөл-Жолдама тас жолын ағын су шайып кеткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Қостанай мен Торғай арасында көлік қатынасы бір тәулікке тоқтап қалды

Әулиекөл-Жолдама тас жолының 92-шақырымында су жолды жарып өткен. Тек асфальті ғана қалыпты. Тасқын арнаға сыймай, жолдың үстіне дейін көтерілген.

Мамандар бұл учаскені бір тәулікке жапты. Жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бүгін көлік қатынасы қайта жанданды.  Сондай-ақ тасқын суға орай "Желқуар" шекаралық көлік өткізу пункті  жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл пункт Жітіқара ауданында орналасқан. Оның қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу