Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды

594

Ол өзі басқарған ауруханада дәрігер лауазымында қалды.  

Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды Фото: top-news.kz

Қостанай балалар ауруханасының бас дәрігері Ұлықбек Асылбеков қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz "Наш Костанай" порталына сайтына сілтеме жасап.

"Бүгіннен бастап облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін Игорь Белобржицкий атқарады. Бас дәрігерді ауыстыру туралы шешім жүргізілген ішкі тексерулерден кейін қабылданды. Емдеу процесін ұйымдастыруда, сонымен қатар санитарлық нормаларда бұзушылықтар анықталды. БАҚ-та түрлі сипаттағы көптеген шағымдар жарияланған болатын", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Ұлықбек Асылбеков ауруханада балалар нейрохирур дәрігері лауазымында қалды.

Айта кету керек, "Наш Костанай" порталы ауруханада дәрі-дәрмектердің жоқтығы, қызметкерлер жалақысының кешіктірілуі секілді мәселелердің бұрыннан бар екенін жеткізді. Соның ішінде ұзаққа созылған күрделі жөндеу мәселесі де бар. Ақпаратқа сәйкес, сот аурухана басшылығының заңсыз әрекет еткенін мойындап, мердігерге төлем жасаудан бас тартқан. Бұдан бөлек пневмониямен ауыратын екі айлық сәбиді ауруханаға жатқызудан бас тарту жағдайы бойынша Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы айналысып жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу