Қостанай облысы аграрлық бағыттан индустриялық-инновациялық бағытқа бет бұрады

663

"КамАЗ" қозғалтқыштарының құрамдас бөлшектері жасалады. 

Қостанай облысы аграрлық бағыттан индустриялық-инновациялық бағытқа бет бұрады

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылатынын айтты. 

"Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады. Онда ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге арналған компоненттер шығарылады. Ауданы 38 мың шаршы метр болатын өндірістік кешен келесі көктемде жобалық қуатына шығады", – деді министр. 

Министрдің мәлімдеуінше, бизнес-инкубатор елде ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобиль өндірушілері үшін қажетті 2 мыңнан астам бөлшек пен тораптарды шығару арқылы отандық өндіріс үлесінің өсуіне ықпал етеді. 

"Қостанай қаласының өнеркәсіп аймағында "КамАЗ" қозғалтқыштарының құрамдас бөлшектерін құю өндірісі жолға қойылады. Қазіргі уақытта тиісті инвестициялық келісімге қол қоюға дайындалып, қыркүйек айында құрылысты бастау жоспарланып отыр", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның сөзінше, өнімнің 95% экспортқа бағдарланған. 

"Осылайша өңір аграрлық бағыттан дамудың индустриялық-инновациялық кезеңіне өтеді", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу