Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

244

Ол еңбек жолын 1997 жылы Қостанай облысы Жітіқара ауданының салық бөлімінде бастады.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: kostanaytany.kz

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен 2024 жылғы 9 шілдеден бастап Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Гүлбарам Ғизатқызы Қостанай облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек қатынастары саласындағы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

Гүлбарам Ғизатқызы 1976 жылы 12 маусымда Қостанай облысы Жітіқара қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1997 жылы Қостанай облысы Жітіқара ауданының салық бөлімінде бастады.

Әр жылдары бухгалтер, қаржылық бақылау инспекторы болып жұмыс істеді . 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу