Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Ринат Мұхаметқалиев тағайындалды

488

Ол Президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері еді. 

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Ринат Мұхаметқалиев тағайындалды Фото: akorda.kz

Бұған дейін Ринат Мұхаметқалиев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған, деп жазады inbusiness.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 2023 жылғы 27 қаңтардан бастап облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ринат Мұхаметқалиев 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шалқар ауылында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – заңгер.

Еңбек жолын жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуден бастады (2002-2004). Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды (2004-2009). Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңдық актілер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды (2009-2010). Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары (2010-2021 жж.) болды. 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы.

Жаңа тағайындалғанға дейін 2022 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу