Қостанай облысы Астанаға 400 автобус жеткізеді

689

Қостанай облысы Астанаға 400 автобус жеткізеді

Қостанай облысы Астанаға 400 жолаушылар автобусын жеткізеді. Бұл туралы Қостанай облысының әкiмi Архимед Мұхамбетов ОКҚ брифингi барысында айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Бүгінгі таңда JAC электромобильдерiнiң өндiрiсiн дамыту мен жалпы автомобиль құрастыру саласын өркендету үшiн индустриялық аймақ құрылып жатыр. Әкімнің айтуынша, Қостанай автозауыты JAC электромобилiнiң 12 данасын шығарды. Олар ЭКСПО-2017 көрмесiне ұсынылады.

"Сол себепті де біз индустриялық аймақ құрып жатырмыз. Онда автокомпонент шығаратын бiрнеше зауыт орналасады. Қазiр индустриялық аймаққа желiлер тартылып жатыр. Биыл аймақтың бiрiншi бөлiгiн, келесi жылы екiншi бөлiгiн пайдалануға беремiз", – дейдi Архимед Мұхамбетов.

2017 жылдан бастап облыста Eуро 5 экологиялық талабына сай келетiн Ankai жолаушылар автобусының сериялық өндiрiсi де iске қосылады.

"Биыл бiз ЭКСПО көрмесiн автобуспен қамтамсыз етемiз. "Астана LRT" компаниясымен келiсiмшарт бекiтiлдi. 400-ге жуық автобус әкелемiз. Оның 75 пайызының сыйымдылығы жоғары – 100-ден астам жолаушыға арналған. Автобустар ЭКСПО көрмесiне келген туристердi тасымалдайды. Ал көрме аяқталған соң автобустар елорданың қалалық маршруттарында қызмет көрсетедi", – дейдi Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімінің айтуынша, Қостанай облысында Өзбекстанның "УзАвто" кәсiпорнымен ынтымақтастықта жеңiл және жүк автомобильдерi де құрастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу