Уақытша орналастыру пункттерінде 174 адам, оның ішінде 34 бала бар. ОКҚ алаңында өткен брифингте Қостанай облысының ТЖД ресми өкілі Аязбек Искаков осындай мәліметтерді жария етті.
"Авариялық-құтқару жұмыстарына 225 адам және 37 бірлік техника жұмылдырылды. Су тасқыны басталғанан бері ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 916 мыңға жуық текше метр еріген қар суы сорылды, 212 740 қапшық және 76 500 тонна инертті материал төселді", - деді спикер.
Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынының зардаптарын жоюға көмектесу үшін Қостанай облысы ТЖД құтқарушылар топтары жіберілді.