Қостанай облысы экспортқа 18 мың автокөлік шығарады

938

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің мәлімдеуінше, машина жасау саласы өңір экономикасының драйвері саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қостанай облысы экспортқа 18 мың автокөлік шығарады

"Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 38,5% - ын құрайды. Қатардағы жұмыс өндірісі – 2,1, трактор өндірісі – 2,5 комбайн өндірісі – 2,4% -ға, жеңіл автокөлік өндірісі – 43,3% - ға ұлғайды", – деді Архимед Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша, 2021 жылғы наурыздан бастап өңірде KIA автокөлігі құрастырыла бастады. Бүгінге дейін осы маркадан 3 192 бірлік автокөлік жиналды. 

"JAC концернінің автокөліктерін локализациялау мен өндіруді дамытуға шамамен 10 млн доллар инвестиция құю жоспарланып отыр. Өткен кезеңде "СарыарқаАвтоӨндіріс" ЖШС конвейерінен барлығы – 19 779 бірлік автокөлік шығып, оның 1 672 -сі экспортқа жіберілді. Биыл 60 мың автомобиль шығару жоспарланды, оның шамамен 18 мың бірлігі экспортқа жіберіледі", – деді Архимед Мұхамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу