Қостанай облысы Қарамырза ауылында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

617

Қазіргі уақытта Карамырза ауылында Тімтуір өзеніндегі судың деңгейі 30 см-ге төмендеді. 

Қостанай облысы Қарамырза ауылында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр Фото: Қостанай облысы ТЖД

Бұл туралы inbusiness.kz Қостанай облысы ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.

Қарамырза ауылынан 20 км жерде, Тімтуір өзені бойынан жоғары орналасқан Кошевой ауылына жақын жердегі гидробекетте өткен тәулікте су деңгейінің 1 метрге төмендегені байқалады.

Өзендегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде 17 тұрғын үйдегі су деңгейі азайды. Құтқарушылар 6 және портативті мотопомпалардың көмегімен үйлерден су сору жұмыстарына кірісті.

Эвакуацияланған 39 адамның 15-і үйлеріне оралды, 24 адам туыстарының үйлерінде қалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу