Қостанай облысы "қызыл аймақтан" шықты

1055

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі өңірдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.

Қостанай облысы "қызыл аймақтан" шықты

Қостанай облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл аймақтан" шығып, "сарыға" кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде бүгінгі мәліметке сәйкес COVID-19-дың 60 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құраған.

"48 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген, 10 адам коронавирустық инфекция жұқтырғандармен байланыста болған, 2 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді. Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды. Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 29 желтоқсан аралығында COVID-19-дың 7447 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7229",– деп жазылған департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осылайша Қостанай облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл аймақтан" шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу