Қостанай облысы мен "Kazakh Invest" келісім жасады

662

Қостанай облысы мен "Kazakh Invest" келісім жасады

Астанада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен "Kazakh Invest" ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Меморандумға сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі шикізаттық базаның, жер ресурстарының, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу және т.б. тәрізді критерийлерді ескере отырып инвестициялар салуды талап ететін басты жобалар тізімін жасайды.

Тараптар инвесторлардың өтініштерін жылдам қарастыру, оларға қолдау көрсету және "бір терезе" қағидасы бойынша қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларға бірлескен мониторинг жүргізу және IRM (Investors Relationship Management) ақпараттық-мониторингтік жүйесіне келіп түсетін инвесторлардың сұрақтарын шешу туралы келісімге келді.

Аталмыш кезеңдегі Қостанай облысының инвестициялық жобалары тізімі жалпы сомасы 146,1 млрд теңге болатын 21 инвестициялық жобадан тұрады, олардың ішінде 80% астамы — шетелдік инвестициялар.

"Біз Қостанай облысы аумағында ірі зәкірлік жобаларды жүзеге асыру үшін Kazakh Invest-пен бірге ынтымақтаса жұмыс атқарамыз. Қазіргі таңда өңірде 400 га индустриалдық аймақтың құрылысы салынуда. Ең алғашқылардың бірі болып инвестициясының жалпы көлемі $1,1 млрд құрайтын СМС қытай компаниясы және "Аллюр компаниялар тобы" автомобиль кластерін дамыту бойынша жобасы орналасатын болады. Бұл туралы келісімге елбасымыздың жуырдағы Қытайға сапары барысында қол жеткізілді", — деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу