Қостанай облысы: Өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтіріледі

586

Тізімде жылжымайтын мүліктің де құжаттары бар. 

Қостанай облысы: Өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтіріледі

Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" өрттен зардап шеккен ауыл тұрғындарының құжаттары кезексіз қалпына келтірілетінін хабарлады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы халыққа қызмет көрсету бөлімшелері көші-қон полициясының өкілдерімен бірлесіп өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын. Жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүліктің құжаттарын қалпына келтіру үшін тұрғындар осы бөлімдерге хабарласуы қажет. Әулиекөл ауданы бойынша Мекен-жайы: Әулиекөл ауылы, Ш.Жәнібек батыр көшесі. Қарасу ауданы, мекен-жайы: Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24. Қызметкерлер азаматтарға құжаттарды рәсімдеуге түскі үзіліс кезінде де көмектесуге дайын. Зардап шеккен азаматтарға кезексіз қызмер көрсетіледі", – деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Миржан Жаңабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу