Қостанай облысының активіне және жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха өңірдің жаңа полиция бастығын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Ішкі істер органдарында ол 1995 жылдан бастап қызмет етеді. Жедел бөлімшелерде 27 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Тобыл өңірі оған жақсы таныс. Ерлан Жұмасейітұлы – Қостанай облысының тумасы. Ол осы өңірде полиция қызметіндегі еңбек жолын бастады. Жедел уәкіл лауазымынан бастап мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен өтті. Қостанай облысы ПД Федоров ауданының полиция бөлімін 10 жылға жуық басқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Сондықтан ол аймақтың барлық проблемалары мен ерекшеліктерімен таныс, – деп атап өтті Игорь Лепеха жаңа бастықты активпен таныстыра отырып.