Қостанай облысы су тасқынына қарсы іс-шаралардың толық кешенін өткізеді

295

Өңірде су тасқыны жағдайының мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысы су тасқынына қарсы іс-шаралардың толық кешенін өткізеді Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Облыс бойынша ТЖМ, ІІМ,ЖАО, ҰҚК ШҚ және басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан барлығы 2 237 адам, 390 бірлік техника, 142 бірлік мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары және 3 бірлік әуе кемесі күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Су тасқыны кезеңінде шамамен 771 822 мың м3 су, тәулігіне – 13 860 мың м3 су сорылды. 72 799 мыңнан астам қап салынған. Инертті материалдар төгілді (7 205 тонна).

7 487 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 11 мүмкіндігі шектеулі адам және 1 239 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 943 адам, оның ішінде 322 бала бар.

Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары 9 өңірде жалғасуда (Жангелдин, Арқалық, Меңдіқара, Федоров, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Б.Майлин, Қамысты аудандары, Арқалық, Қостанай және Рудный қалалары).

Су тасқынына қарсы іс-шараларға тәулік бойы дерлік көмек көрсететін, коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерін ыстық тамақпен және шаймен қамтамасыз ететін еріктілер, бей-жай қарамайтын азаматтар үлкен көмек көрсетеді.

Су тасқыны жағдайының мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу