Қостанай облысы Железнодорожное ауылындағы алты тұрғын үйден еріген қар суы сорылды

468

Кейбір учаскелерде жертөлелерден су сору жұмыстары жалғасуда. 

Қостанай облысы Железнодорожное ауылындағы алты тұрғын үйден еріген қар суы сорылды Фото: gov.kz

Тімтуір өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде Целинная көшесінде ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйден еріген қар суы сорылды. Қазіргі уақытта үйлерде еріген қар суы жоқ. 53 мыңнан астам текше метр су сорылды, 400 дана инертті материал салынған қап төселді.

Су тасқынының салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар және ТЖД күштері мен құралдарынан 30 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу