Қостанай облысына биыл 1,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады

899

Биыл Қостанай облысында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Соның екеуін қытайлық кәсіпкерлер қаржыландырады.

Қостанай облысына биыл 1,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады

Қытай инвесторлары жергілікті зауытта жаңа брендтегі көліктер шығаруды бастайды. Әріптестік аясында жылына шамамен 25-30 мың темір тұлпар құрастырылады. Ал 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш 3 есе ұлғайып, өнімнің 30% шетел нарығында саудаланбақ, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстың экспорттық әлеуетін арттыратын тағы бір жоба - астықты терең өңдеу кешені. Нысанның құрылысы мамыр айына белгіленген. Сонымен бірге Рудныйдағы тау-кен өндіру бірлестігі Магнитогорск зауытымен бірлесіп, Қашар кентінде "ақылды фабрика" жобасын іске қосады. Тұтастай алғанда, 2019 жылы Тобыл өңіріне 1 миллиард 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тарту көзделген.

"Біздің зауытта қытайлық көліктердің екі моделі шығарылады. Өткен жылы құны 1 млрд теңгеден асатын автомобильдерді экспортқа жөнелттік. Негізінен біздің нарық Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәжікстанды қамтиды", – дейді автозауыт директорының орынбасары Сергей Могилатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу