Қостанай облысына келер жылы шетелден 36 мың ірі қара әкелінеді

2162

Бұл келер жылға белгіленген меже. Дегенмен шенеуніктер биылғы жоспардың өзінің орындалмауына алаңдаулы.

Қостанай облысына келер жылы шетелден 36 мың ірі қара әкелінеді

Мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы аясында Қостанай облысына 2019 жылы шетелден 36 мың сиыр әкелінеді, ал бордақылау алаңдарына 30 мың бас мал тапсырылады, деп хабарлайды alau.kz.

Қаржы институттары арқылы жаңартылған "Сыбаға" бағдарламасы аясында субсидиялауға және жеңілдікпен несие беруге биыл облыста 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл ақшаға жергілікті шаруалар 1850 ірі қара импорттап, 2500 қой мен ешкі алу керек болатын. Бірақ әзірге жоспар толығымен орындалған жоқ.

Сондай-ақ бағдарлама бойынша шаруалар бордақылау алаңдарына 20 мың бас мал тапсыру керек еді, алайда бұл жоспар да жартылай ғана атқарылды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы саласының шенеуніктері алаңдап отыр. Себебі келер жылы алаңдарды 30 мың малмен толтырып, 36 мың ірі қараны облысқа жеткізу керек деген меже белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу