Қостанай облысынан алғаш рет жасыл қарақұмық экспортталмақ

1167

Қостанай облысынан алғаш рет жасыл қарақұмық экспортталмақ

Қостанай облысында жоғары сұрыпты қарақұмық жармасын өндіру цехының құрылысы келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Тоғызақ ауылындағы жоғары сұрыпты қарақұмық өндірісі цехының құрылысы  2019 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Жалпы, жоба құны - 670 млн теңге. Нәтижесінде 28 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Цех директоры Гүлза Сәрсекееваның сөзінше, құрылғылар украиналық "Агро-Симо-Машбуд" ғылыми-өндірістік бірлестігі мен "ОЛИС" қоғамдық ұйымынан алынады. Қостанайға 3 айдан соң жеткізіледі. Осы мақсатта 400 млн теңге жұмсалмақ.

"Бұл инвестициялық жоба 2015 жылы қолға алынды. Құрылыс қарқыны бірқалыпты жүріп жатыр. Бірақ, цехты 2019 жылы іске қосыңыздар. Биыл аяқтап үлгере алмайсыздар. Асығыстық танытудың қажеті жоқ. Кейін бір олқылығы табылуы мүмкін. Цех жылына 2000 тонна жоғары сұрыпты қарақұмық жармасын өндіруге қауқарлы. Сондықтан жоба жүйелі түрде жүзеге асуға тиіс. Жұмыс барысын қадағалауды облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына тапсырамын", - деді өңір басшысы Архимед Мұxамбетов Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барғанда.

Жоғары сұрыпты қарақұмық жармасын өндіретін цех шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Себебі, мұнда жасыл қарақұмық өндіріледі. Мамандардың айтуынша, жасыл қарақұмық шетелге бірінші рет экспортталмақ. Сондай-ақ, қарақұмықтың бұл түрі ең пайдалы дәнді дақылдар санатына кіреді. Әсіресе, Жапония, Украина елдерінде сұраныс мол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу