Қостанай облысында "Ақылды" фермалар жобасы іске асырылуда

1374

Қостанай облысында "Ақылды" фермалар жобасы іске асырылуда

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында іске асырылып жатқан "Ақылды" фермалар, нүктелі егін шаруашылығы жүйелері туралы айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Қостанай облысы еліміздегі астықтың жалпы көлемінен 22% өндіреді. Сондықтан облысымыз "Цифрлық  Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру шеңберінде  ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша "Пилоттық жоба" ретінде белгіленді", - деп мәлімдеді ол.

"Ақылды ет фермасы" жобасы  "Қостанай облысының ет кластері" жобасының операторы болып табылатын ірі және технологиялық жағынан дайындалған "Терра" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фермасының базасында жүзеге асырылуда екен. Жалпы саны шамамен 9 мың ірі қара мал басын құрайды. Қазіргі кезде шаруашылықта цифрландырудың келесі элементтері енгізілген: RFID (Ерефайди) құлақ биркілерін орнату, азықтандыруды бақылау  жүйесі, тиімсіз жануарларды анықтап шығару,  ұшқышсыз ұшу аппараты.  Экономикалық тиімділігі – бір жылда 122 тонна қосымша ет алу және жемнің 10% үнемдеу.

Ал "Ақылды сүт фермасы" "Олжа Садчиковское" ЖШС-нің 770 сауын сиыры табынына арналған мал шаруашылығы кешені базасында іске асырылуда.

"Биылғы жылғы сәуірде ірі қара малдың физиологиялық жай-күйлері мен PH-ортасын, аналық мал басының уақтылы ұрықтандырылуын және оның өнімділігін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін "СМАКСТЕК" (Smaxtec) австриялық автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Аталған іс-шаралардың тиімділігін біз жыл қорытындысы бойынша  бір сауын сиырдан сауылатын сүттің 6-дан 7 тоннаға дейін ұлғайғандығынан және 100 аналықтан төл алудың  70-тен 90-ға дейін ұлғайғандығынан көріп отырмыз", - дейді әкім.

"Нақты егін шаруашылығы жүйесін енгізу" жобасы екі "пилоттық" кәсіпорында ("Садчиковское" және  "Трояна" ЖШС)  енгізілуде.  Тәжірибелік алқаптарының картограммасы жасалды, оларда егіс кезінде минералдық тыңайтқыштар сараланып енгізілді және тұқым себу жүзеге асырылды.

Қосарлас жүргізу технологияларын енгізу жөніндегі техника паркі жаңғыртылды, жанар-жағар майды есепке алатын және техниканы орнынан ауыстыру есебін жүргізетін датчиктер орнатылды. Егін шығымдылығының, ылғалдылығының, дән бастырудың онлайн мониторингі жүйесі енгізіле отырып, егін жинау техникасы қайта жарақтандырылды.

Қосымша, облыста жануарларды чиптеу және электрондық эпизоотиялық карталарын жасау технологиялары енгізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу