Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жаcалған

196

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қостанай облысында 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жаcалған Фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс - қимыл, жалған шот-фактуралар жазып беруді анықтау және жолын кесу жөніндегі жүйелі жұмысты жүргізуде. Бұл бағытта тек Қостанай облысында бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, 2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде, бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 млн. астам теңге.салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу