Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды

165

Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды Фото: ТЖМ

Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде "Әулиекөл – Жалдама" автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ, қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.

Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде "Сарыкөл – Комсомольское" автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу