Қостанай облысында 100 шақты елдімекенде су тасу қаупі бар

866

Қостанай облысында 100 шақты елдімекенде су тасу қаупі бар

Былтыр Қостанай облысында су басуы мүмкін 56 елдімекен тіркелсе, биыл қауіп төнген ауылдар саны 100-ге жетіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Көктемгі  тасқынның алдын алуға байланысты құрылған штабтар қазір бақылауды күшейтіп жатыр. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, аймақта қар жылдағыдан жұқа, орташа қалыңдығы - 18 см. Ондағы ылғал қоры да қалыпты мөлшерден екі есе аз. Облыстағы су қоймалары 450 млн текше метр суды қабылдай алады. Күтетін су көлемі бұдан әлдеқайда аз. Бірақ бұл қауіп сейілді деген сөз емес. Нөсер селдетіп, күн күрт жылыса, тілсіз жаудан төнетін  қатердің де үдей түсері анық. Сондықтан апат бола қалған жағдайда адамдарды орналастыратын 152 нысан дайын тұр.

"Осы жүз елдімекенді аралап, аты жөндерін, қарт адамдар бар ма екен, әйелдер бар ма екен, соны тізімге алып, біз енді су тез келе қалған жағдайда адамдарды құтқарып алу үшін сондай атқарылып жатқан жұмыстар бар", - дейді облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу