Қостанай облысында 11 адамға химиялық кастрация жасалады

194

Келісімшарттар әлі қаралып жатыр. 

Қостанай облысында 11 адамға химиялық кастрация жасалады Фото: freepik

Биыл Қостанай облысында сот шешімімен 11 адам химиялық кастрациядан өтеді. Мұндай жаза кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалып отыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Мәліметтер бойынша мемлекеттік бюджеттен бір адамға 130-135 мың теңге бөлінеді. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.

Осы қызметті көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық аудандық емханасы жеңіп алды.

Келісімшарттар әлі қаралып жатыр. Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған 11 адамды арнайы препараттарды енгізу арқылы химиялық кастрация жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу