Қостанай облысы Рудный қаласында 12 жасар қызды кірпі тістеп алды, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың мәліметінше, қыз бала ата-анасымен бірге жеке үйде тұрады. Ол бақшада тауып алған кірпіні үйге әкелген.
"Жабайы жануарлар, тіпті кірпілер де емделмейтін құтыру ауруын жұқтыру қаупі тұрғысынан үлкен қатер төндіреді. Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Құтыру ауруына қарсы вакцинация курсы басталды. Бала антирабиялық вакцинаның барлық 5 дозасын алуы тиіс", - деді Рудный қалалық ауруханасының травматолог дәрігері Илёс Абдураимов.
Кірпі кеміргіштермен қоректенетін жыртқыш болғандықтан, олар өз кезегінде қауіпті туляремияның тасымалдаушысы болып есептеледі.