Қостанай облысында 14 мың автокөлік экспортқа шығады

625

Қостанай облысында жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісі 6,5%-ке ұлғайған.  

Қостанай облысында 14 мың автокөлік экспортқа шығады

Бұл туралы аймақ әкімдігінде өткен жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина баяндады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Әкімдіктегі аппарат жиынында өткен 7 айдағы негізгі көрсеткіштер талқыға түсті. Сандарға шақсақ, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы 2%-ке, негізгі капиталға инвестиция 13,8%-ке, құрылыс жұмыстары 14,3%-ке, баспана тапсыру 8,4%-ке артқан. Өндірістік өнеркәсіптер 777,5 млрд теңгенің, соның ішінде қайта өңдеу саласы 449,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 18,9%-ті құрап отыр.

"Аймақ экономикасына 162,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 13,8%-ті құраған. Жыл басынан бері машина өндірісі 1,5 есеге артты. "СарыарқаАвтоПром" компаниясы 19,5 мың дана техника шығарды. Өсім 1,7 есеге жетті. Биыл 50 мың көлік шығару жоспарда болса, оның 14 мыңы экспортталмақ. Ал жоспардағы 800 автобустың 561-і құрастырылды", – дейді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина.

Сондай-ақ, өңірде ет (3,3%), сүт (1,5%) өндіру артқан. Ал ұн (9%) және өсімдік майын (2 есе) экспорттау қарқыны жоғары. Құрылыс саласында да өсім байқалады. 59,5 млрд теңге тұрғын үй салуға жұмсалған. Барлығы 208,1 мың шаршы метр баспана тапсырылған. Көрсеткіштері жоғары өңірлер қатарында Қостанай қаласы, Денисов, Қарабалық, Меңдіқара, Науырзым, Ұзынкөл және Федоров аудандары бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу