Гербицидтер Варваров елдімекеніндегі қоймадан қолды болды. Жергілікті шаруашылық иесі полиция бөліміне осындай шағым түсірген, деп хабарлайды 24.kz.
Химиялық заттар өсімдік зиянкестерін жоюға арналған. Шығын көлемі 15 миллион теңгеден астам. Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі күдікті ұсталған. Қазір ҚР ҚК "Аса ірі көлемдегі ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған гербицидтер иесіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу